«Жұмыртқа бойынша 100 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз, 5 млрд-тан жұмыртқа жинаймыз. Былтыр 286 мың тонна құс еті өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 300 мың тоннаға жетіп қалуы мүмкін», - Р. Шәріпов елордадағы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болғанын айтты.
«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов.
Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.