Бұл туралы Гвинеяда өткен ИЫҰ СІМК 40-шы сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
"Нұрсұлтан Назарбаев ислам уммасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс жаңа ұйымды құруға ұсыныс жасады. Мен 2013 жылғы маусым айында осы ұйым жарғысының соңғы нұсқасын әзірлеуге өз сарапшыларын жібергені үшін барлық ИЫҰ-ға мүше елдерге алғыс білдіргім келеді. Мен мұны тарихи қарар деп санаймын. Қазақстанда штаб-пәтері бар Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру біздің исламға ниеттестігімізді көрсетеді. Мен көптеген адамдар үшін маңызды осы органды тезірек құру үшін министрлерді аталған жарғыны қабылдауға шақырамын. Қазақстан жарғыға қол қоятын алғашқы ел болмақ және өзге елдерді де дәл солай етуге шақырмақ. Мұнда, Конакриде барынша көбірек мемлекет қол қоятын болса, бұл ұйым соншалықты маңызды және мәнді болмақ және біз бәрінен бұрын мұқтаж адамдарға азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қолдау көрсете аламыз", - деді Е.Ыдырысов.