Үкіметаралық комиссия отырысы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ерғалиев пен Испанияның Сауда жөніндегі бас хатшы Шиан Маргарид Мендес Бертолоның тең төрағалығымен өтті.
Оның барысында екі ел расындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап еліміз экономикасына инвестиция салу үшін келешегі зор болуы мүмкін инвестициялық және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жариялап отыратын болады.
Атап өтілгендей, комиссия аясында «Қазақстан-Испания» іскерлік кеңесінің 5-отырысын өткізу жоспарланған. Оның қызметі екі ел бизнесі арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстанның құзырлы органдарының статистикасы бойынша, 2017 жылы еліміздің Испаниямен сыртқы сауда айналымы 26,3% артып, 1 млрд 698,6 млн АҚШ долларын құрады (2016 жылы - 1 млрд 344,5 млн АҚШ доллары).