«Египет Араб Республикасымен ықпалдастықты жандандыруды көздейміз. Каирдің Кедендік одақ елдерінің еркін сауда аймағына кіру ниетін құптаймыз. Бұл қадам сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға серпін беретіндігіне сенімдімін», - деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс еткен болатын.