Қазақстан қалаларында қант бағасы қанша

Коллаж: Kazinform/ Freepik

АСТАНА. KAZINFORM —  Тосап қайнататын шақты елімізде қантқа сұраныс артады. Сәйкесінше базардағы бағаны салыстырып қарап, арзанын алады. Kazinform агенттігінің тілшісі де өңірлердегі қант бағасын білді.

Ең арзаны Тараз қаласында сатылып жатыр. Мұнда қанттың келісі 385 теңгеден басталып, 410 теңгеге дейін жетіп тұр. Ал әлеуметтік дүкенде 365 теңгеге сатылады.

Ақтау қаласында баға әркелді. Келісі 420 теңгеден басталып, кей дүкенде 500 теңгеге жеткен. Әлеуметтік баға 400-420 теңге аралығында. Орал қаласында да келісі 420 теңге. Ал әлеуметтік баға - 410 теңге.

Түркістан, Талдықорған мен Павлодарда қант бағасы 430 теңге болып тұр. Түркістанда әлеуметтік баға 400, Талдықорғанда 421, ал Павлодарда 425 теңге.

Қызылордада қанттың келісі 440 теңге болса, әлеуметтік дүкенде 398 теңгеге сатылып жатыр. Қостанай қаласында да баға осы шамада. Келісі - 440 теңге. Ал әлеуметтік қант бағасы 434 теңге.

Қарағандыда қанттың келісін 450 теңгеге сатып алуға болады. Ал әлеуметтік қант бағасы - 410 теңге.

Астана қаласында құмшекердің орташа бағасы 460 теңге болып тұр. Әлеуметтік баға - 380-420 теңге аралығында.

Петропавлда қанттың келісі 465 теңгеден басталып, 480 теңгеге дейін барады. Әлеуметтік тауар сөресіндегі баға - 460 теңге.

Жезқазғанда қанттың келісі 470 теңге, ал әлеуметтік баға 430 теңге. Ақтөбе қаласында да баға осы шамалас. Дүкенде келісі 470 теңгеге сатылса, әлеуметтік сөредегі баға - 424 теңге.

Атырауда баға басқа. Мұнда дүкенде қант келісі 480 теңге болса, әлеуметтік баға керісінше қымбат. Келісі - 510 теңге. Мұндай бағаны супермаркеттерден кезіктіресіз.

Көкшетаудағы дүкен мен супермаркеттерде қанттың келісі 481 теңге, әлеуметтік баға 420 теңге.

Семей мен Өскеменде келісі 500 теңге болып тұр. Ал әлеуметтік сөреде келісі 450 теңгеге сатылып жатыр.

Шымкентте баға әркелкі. Қарапайым ғана дүкенде қант келісі 600 теңгеден басталып, 900 теңгеге дейін жетіп қалған.

Ал көтерме бағасы (25 келі) - 439 теңге. Қалада әлеуметтік тауар бағасы келісіне 450 теңге. 

Қонаев пен Алматы қаласында да баға осы шамалас. Келісі - 628 теңге. Әлеуметтік баға - 455-459 теңге.

Айтып өтейік, Kazinform бұған дейін қара өрік пен нектарин, https://kaz.inform.kz/news/kara-ork-pen-nektarin-bagasi-kansha-a7b964 руккола, асжапырақ, жалбыз бен көк жуа бағасын білді