Диетологтар күздің суығында қырыққабатты тұздап ашыту, күнделікті тұтыну пайдалы деп есептейді. Оны көбіне күздің алғашқы үсігі жүзген кезде дайындайды.
Тұздап ашытылған қырыққабаттың пайдасын көп. Ішік және ас қорыту жұмысын жақсартады. Сонымен бірге С дәруменіне бай, иммундық жүйенің жұмысын қалпына келтіреді, сүйекке пайдалы. Қанның ұйып қалмауына септігін тигізеді.
Әрі тұздап ашытылған қырыққабаттың калориясы аз. Сәйкесінше адамдар салмағын қалыпты ұстап тұру үшін ас мәзіріне қосады.
Қырыққабатты тұздап ашыту әдісі көп. Кейбір адамдар оған дәмдеуіш қосады. Оның ішінде зере дәмі, аскөк, күнзе (кориандр-ред.), қара бұрыш, лавр жапырағы бар. Кейбірі мүкжидек немесе қызылжидек қосады. Сонымен бірге жеміс-жидек пен түрлі көкөніс қосып дайындайтындар да бар. Олар қышқыл алма, қызылша, болгар бұрышын да қосады. Қырыққабатты тұздау үшін сарымсақ, ақжелкек тамыры, зімбір немесе ащы бұрыш та салады.
Біз қарапайым түрін дайындауға қанша ақша қажет екенін есептейміз. Ол үшін ақбас қырыққабат, сәбіз бен тұз бағасы ғана қажет.
Қарапайым құрамы: 2 келі ақбас қырыққабат, 200 гр сәбіз және 50 гр тұз. Егер бірден мол етіп дайындағыңыз келсе, 10 келі ақбас қырыққабат, 1 келі сәбіз және 250 гр тұз керек. Қазақстанда тұздың келісі орта есеппен — 85 — 180 теңге. Бізге тек 250 гр тұз қажет. Оның бағасы 100 теңгеге де жетпейді. Ақшаның көп бөлігі қырыққабат сатып алуға жұмсалады.
Қазақстан қалаларындағы қырыққабат пен сәбіз құнын білген кезде ең төмен баға Тараз бен Шымкентте тіркелді. 10 келілік қырыққабаттан ( 1 кг сәбіз) пайдалы тағам дайындау үшін мұнда 1 700 теңге жұмсауға болады.
Түркістанда — 1 730 теңге, Көкшетауда — 1 720 теңге, Алматыда — 1 739 теңге және Қостанайда — 1 755 теңге. Демек баға сәл жоғары.
Павлодарда қажетті көкөністі сатып алуға 1 850 теңге қажет. 10 келі қырыққабат пен 1 келі сәбіздің бағасы кей қалаларда 2 000 — 3 000 теңге аралығында. Олар: Петропавл (2000 теңге), Орал (2 010 теңге), Ақтөбе (2 055 теңге), Қарағанды (2 185 теңге), Астана (2 380 теңге), Жезқазған (2 400 теңге), Қызылорда (2570 теңге), Атырау (2720 теңге), Ақтау (2780 теңге) және Талдықарған (2 800 теңге) қалалары. Қажетті көкөніске Семейде 3 070 теңге ал Өскеменде 3 850 теңге жұмсайды. Бұл — ең жоғары баға.
Баға айырмашылығына қарамастан дайын өнімді сатып алғаннан өзің дайындау әлдеқайда арзанға түседі. Қазақстанда 1 келі дайын өнім бағасы шамамен 800 теңгеден басталып 1 200 теңгеге дейін барады.
Бұған дейін ел қалаларындағы лимон мен бал бағасы туралы жазылды.