Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 450 теңгеден өткізіп, 457 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағамы 504 теңге болса, сату бағамы 514 теңгені құрайды. Ал Ресей рублін 5,4 теңгеден тапсыруға, сондай-ақ 5,6 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 452,5 теңгеден сатып алынып, 454,7 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы сатып алу кезінде 506 теңге, сату кезінде 510 теңге болды. Сондай-ақ Ресей рублін 5,4 теңгеден сатып алып, 5,5 теңгеден сатуға болады.
Шымкент қаласында доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 453 теңгені, ал сату бағамы 456 теңгені құрады. Сонымен қатар Еуроны 505 теңгеден сатып алып, 510 теңгеден сатуға болады. Ал Ресей рублінің сатып алу бағамы — 5,4 теңге, сату бағамы — 5,48 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамының өскені хабарланған болатын.