Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
03:41, 29 Қараша 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қараша күні еліміздің 6 қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, жұма күні Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.