Қонаев қаласының тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайтын болып шықты. Онда газдың 50 литрі 4600 теңге тұрады. Көгілдір отын, сондай-ақ Қарағанды ( 4380 тг), Алматы (4000 тг), Семей (3886 тг), Өскемен (3733 тг) және Көкшетау( 3177 тг) қалаларында қымбат.
Газ баллонының ең арзаны Қызылорда қаласында – 50 литрі 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында.
Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалалары бойынша деректер жоқ.