Статистика мәліметіне сүйенсек, өткен желтоқсан айында елімізде кинотеатр билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады.
Ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 теңге. Одан кейін Шымкент – 2637 теңге, үшінші орында Түркістан қаласы, мұнда кино билетінің орташа бағасы 2598 теңге тұрады.
Ең жоғары баға сондай-ақ Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Онда киносеансқа 1900-2500 теңге төлеп кіруге болады.
Өзге қалаларда баға 1350-1850 теңге айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1 321 теңге төлейді.