Қазақстан қалаларындағы жанар-жағармай бағасына шолу (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түскен кейінгі жағдай бойынша Астанадағы жанар-жағармай құю стансаларының көбісінде дизель отынының бағасы бір деңгейде, тек кейбірінде айырмашылық бар.

Атап айтқанда «Oil» жанар-жағармай құю бекетінде АИ-92 бензинінің литріне 125 теңге, АИ-95 маркасы - 142, АИ-98 маркасы - 158 теңге деңгейінде қалыптасып отыр.

«Газпромнефть» стансаларында АИ-92 бензині - 125 теңге, АИ-95 - 141 теңге, АИ-98 - 158 теңге, дизель отыны (еуро-5) - 120 теңге көлемінде белгіленген.

«Гелиос» бекеттерінде АИ-92 маркасының литрі 126 теңге болса, АИ-95 маркасы 143 теңге, ал дизель отыны - 108 теңге сомасында саудалануда.

«Аурика» стансасында АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 143 теңге, дизель отыны - 108 теңгені құрап отыр.

Бұдан бөлек, «SINOOIL» бекетінде АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 - 143 теңге, дизель отыны - 108 теңге деңгейінде өтіп жатыр.

ҚМГ бекеттерінде АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 маркасы 138 теңге, АИ-98 - 146, дизель отыны - 108 теңге болып қалыптасты.

Сонымен қатар, «Асқар» жанар-жағармай құю стансасындағы бағада біршама өзгешелік байқалды, яғни АИ-92 литріне 125 теңге, АИ-95 - 138 теңге, дизель отыны - 99 теңге көлемінде сатылуда.

    

Мұнымен қоса, бірқатар өңірлер бойынша жанармай құю бекеттеріндегі баға зерделенді. Мәселен, Орал қаласында ҚМГ стансаларында баға жоғарыда аталған деңгейде.

   

«ОралЖан-Ойл» стансасында АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 - 140 теңге, дизель отыны - 124 теңгені құрап отыр.

«Нефтэк» жанармай құю бекетінде АИ-92-125 теңге, АИ-95 - 150 теңге, ал дизель отыны - 125 теңге көлемінде саудалануда.

Алматы қаласында ҚМГ мен «SINOOIL», «Гелиос»  бекеттерінде отын бағасы Астанамен бір деңгейде. «Satti zhol» стансасында АИ-92 бензиннің құны 122 теңгеден, ал «Royal Рetrol» бекетінде АИ-92 - 126 теңге, АИ-95 - 145 теңге, АИ-98 маркасы - 165 теңге сомасында белгіленді.

    

Атап айтқанда, Петропавлда «Shelf»  и «Эталон Авто» жанармай құю бекеттерінде дизель отыны 99 теңгеден басталса, ҚМГ-да 108 теңгені құрады. «Shelf»  стансасында АИ-92 маркалы бензиннің литрі 126 теңге, АИ-95 - 141 теңге, «Эталон Автода» АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 142 теңге сомасында өткізілуде.

    

Қазақстан аумағында кеңінен таралған жанар-жағармай бекеттерінің ірі желілері бойынша Талдықорған мен Өскеменде де баға бір деңгейде.

   

Қызылорда қаласында 30-ға тарта май құю бекеті бар. «SINOOIL», «Гелиос» сияқты ірі  жанармай құю бекеттері АИ-92 бензиннің бағасы 125 теңге, АИ-80 бензинінің бағасы 89 теңгеден сатылып жатыр. Бұл бағаның тұрақты орнағанына біршама уақыт болды. Әзірге бағада өзгеріс жоқ. Ал дизель отынының бағасы 108 теңгені құрайды. Жалпы облыс аумағындағы жанар май бағалары қалыпты деңгейді ұстап тұр.

      

Сонымен қатар Көкшетау қаласында «Гелиос» пен ҚМГ жанармай құю стансаларында бағалар жоғарыда аталған деңгейде. Ал «Юна» бекетінде АИ-92 - 123 теңге болса, АИ-95 - 135 теңге сомасында белгіленді. «Эталон Автода» АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 142 теңгеден сатылуда.