— 2024 жылы және 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстаннан тыс шығарылатын өңделмеген (шикізат емес) тауарлардың экспорт көлемі негізгі позициялар бойынша натуралды мәнде де, ақшалай мәнде де айтарлықтай өсті, — деп мәлімдеді министрліктен.
Сонымен, Қазақстан қандай тауарларды, қанша көлемде экспорттады?
Ферроқорытпа
- Елдің негізгі экспорттық тауарларының бірі болып қала береді:
2024 жыл бойынша: 1,81 млн тонна — $2,43 млрд-қа
2025 жылдың қаңтар–ақпанында: 268,8 мың тонна — $329,9 млн-ға.
Өңделмеген алюминий
- 2024 жыл: 242 мың тонна — $543 млн-ға
2025 жылдың басында экспорт көлемі 45%-дан астам төмендеді, экспорттан түскен табыс — $91,8 млн.
Өңделмеген қорғасын
- 2024 жыл: 105 мың тонна — $202 млн.
Бастапқы формадағы пластмассалар
- 2024 жыл: 272 мың тонна — $229 млн
2025 жылдың басы: 10,3 мың тонна — $9,7 млн.
Күнбағыс майы
- 2024 жыл: 496 мың тонна — $430 млн
2025 жылдың қаңтар–ақпаны: 113,9 мың тонна — $108,1 млн.
Күнбағыс күнжарасы
- 2024 жыл: 452 мың тонна — $91 млн
2025 жылдың алғашқы екі айы: 108,1 мың тонна — $19,9 млн.
Электр генераторлары
- 2024 жыл: 2,71 мың тонна — $58 млн.
Турбореактивті қозғалтқыштар
- 2024 жыл: $162 млн-ға
- 2025 жылдың басы: $13,9 млн, бұл - өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 есе жоғары.
Органикалық химия
- 2024 жыл: $4,55 млрд (көлемі 4%-ға артты)
2025 жылдың басы: 564,7 тонна — $72,5 млн.
Органикалық химияның өзге бағыты
- 2025 жыл: 10,3 мың тонна — $9,7 млн.
Минералды тыңайтқыштар
- 2024 жыл: 403 мың тонна — $179 млн
- 2025 жылдың басы: 85,2 мың тонна — $38,6 млн.
Фармацевтикалық өнімдер
- 2025 жылдың басы: $2,44 млн.
Турбиналар
- 2025 жылдың басы: $68,5 млн.
Сондай-ақ, шикізаттық емес өнімдер қатарына мыналар кіреді:
- Бейорганикалық химия — 31,6 мың тонна ($15 млн)
- Сиыр еті — 3,3 мың тонна ($13,4 млн)
- Қамыс қанты — 51 мың тонна ($21,8 млн)
- Алюминий фольгасы — $91,8 млн (2025 жылдың басы)
- Алюминий профильдері — шамамен 29 мың тонна ($82,5 млн)
Сауда және интеграция министрлігі бұл деректер Қазақстан экспорты құрылымында қайта өңдеу, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқанын көрсететінін атап өтті.
— Көп жағдайда экспорттық табыс физикалық көлемдерге қарағанда жылдамырақ өсіп отыр, — деді ведомстводан.
Еске сала кетсек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжіліс депутатының «Қазақмыс» кәсіпорны экспорттап отырған кен мен концентраттар туралы сауалына жауап берген еді.