Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай және шинкиокушинкай каратэден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирде 15 салмақ санатында 90-ға жуық үздік спортшы бағын сынайды.

Аталмыш шара Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының және Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Жарыс қорытындысы бойынша KWU Дүниежүзілік киокушинкай одағының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында 7, 8 желтоқсанда өтетін IV Әлем чемпионатына жолдама алатын екі үздік каратэші анықталады.