Кардиохирургия жетістіктері мәселесіне тоқталған ол, «Қазақстан ашық жүрекке жоғары технологиялық операция жасайтын 22 алдыңғы қатарлы елдердің тізіміне еніп отыр. Атап айтқанда, жасанды жүрек қарыншасын ауыстыру көлемі бойынша Қазақстан әлемде алдыңғы қатарларға кірді»,-деді. Бүгінде елімізде жүрек-қан тамырлары дерттерінен өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Мәселен, 2003 жылы бұл індеттен өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 539 көрсеткішті құраған болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 217 жағдайға дейін қысқарды. С.Беркінбаевтың пайымынша, бірінші кезекте бұл жетістік 2007-2009 жылдарға арналған кардиология және кардиохирургияны дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты болды.
16:51, 24 Қыркүйек 2014
Қазақстан кардиохирургияны дамыту бағытында үздік 20 елдің қатарына жақындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ашық жүрекке жоғары технологиялы операция жасайтын алғашқы 20 елдің қатарына жақындады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәлім Беркінбаев мәлім етті.