Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейту сапасын тексерді. Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы жүктеген шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізілді.
Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйырды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.