Біржан Жақыпов Қазақстан атынан алғашқы болып рингке шыққан болатын. Біздің спортшымыз алтын жүлде үшін алжирлік Мохаммед Флиссимен болған жекпе-жекте үш раундтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Биылғы әлем чемпионатына 110 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық боксшылар төрт алтын, екі күміс, екі қола медаль олжалап, бокстан әлем чепионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.