Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшысы алтын бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

Фото: Фото: afk.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Дүние жүзіндегі алтын бағасының көтерілуі бірқатар елге қауіп тудыруы мүмкін. Орталық банктер қазірден бастап қорын инфляциядан қорғау үшін бағалы металдар сатып алып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан да бар. 

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың пікірінше, Дональд Трамп қатаң сауда саясатының арқасында АҚШ президенті болып қайта сайланса, орталық банктерде инфляция өсуі мүмкін. Бірақ әдетте елдер валюта бағамының ауытқуына, қаржылық дағдарыстарға және саяси санкцияларға байланысты тәуекелдерді азайту үшін өздерінің алтын-валюта қорын белсенді түрде толықтырады. Сонымен қатар мұндай капитал белгілі бір кезеңдерде шетел валютасына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сарапшы бұл саясатты орынды деп санайды.

– Алтын бағасының өсу тенденциясы қымбат металды өнеркәсіпте тұтынудың өсуіне (зергерлік бұйымдар өндірісінде және басқа салаларда) және орталық банктердің резервтерді қалыптастыруына, сондай-ақ әлемдік нарықтағы жалпы тұрақсыз жағдайға байланысты болады», - деді ол.

Қазақстан да халықаралық жағдайды бақылап отыр. Жыл басынан бері елдің алтын-валюта активтері құрылымындағы алтын көлемі 19,7 доллардан 22,4 миллиард долларға дейін өсті. Алайда металға сұраныстың артуына байланысты оның бағасы да көтерілді.

«Алтын бағасының өсуі аясында Қазақстанның Ұлттық банкі жоғары үлесін азайту және алтын-валюта активтерін бөлуде тепе-теңдік сақтау саясатын жалғастыру аясында алтынды еркін айналымдағы валюталарға кезең-кезеңімен сатуда», - деп атап өтті Р. Досов.

World Gold Council есебінше Қазақстан резервіндегі алтынның үлесі 2022 жылдың басындағы 68% көрсеткішпен салыстырғанда 58% -ды құрайды.