Қазақстан кәсіпкерлері футбол ойнап жарысады

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері Қауымдастығы 14 шілде күні серіктестері мен отандық кәсіпкерлер арасындағы «ҚАЗКА-2012» Бизнес-лигасы» атты 5-ші жылдық мини-футбол жарысы өткізеді.

Доданың өткізілу мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау мен отандық кәсіпкерлер қауымдастығындағы достықты нығайту.

Ресми іс-шараларда кездесуге үйреніп қалған кәсіпкерлер бұл күні бейресми түрде кездесіп, тілдесуге және күнделікті қарбаластан демалуға мүмкіндік алмақшы. Осыған қоса бұл дода ұжымдағы әріптестердің достығын күшейтпек.

Жыл сайын ел кәсібінің түрлі салаларынан 30-дан астам команда қатысуда. Олардың ішінде «Сарыарқа» Астана қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері қауымастығы, «KAZENERGY» қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, IT-компаниялар қауымдастығы, Банктер және отандық кәсіпкерлер бар.

Осы жылы додаға 24 команда қатыспақшы.