19:57, 06 Сәуір 2009
Қазақстан Каспий теңізінің аймағында тату көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі саясатына адал ? Н. Назарбаев
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Каспий теңізінің аймағында тату көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі өзінің саясатына адал. Бұл туралы бүгін Ақордада Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадпен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ирандық әріптесіммен келіссөздер кезінде біз Каспий теңізінің мәселесіне айрықша назар аудардық. Қазақстан Каспий теңізінің аймағында тату көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі өзінің саясатына адал», - деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде. Н. Назарбаев Каспий бойы елдері мемлекет басшыларының екінші кездесуі биыл Әзірбайжанда болатынын айта келе, онда 5 мемлекет Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселеде ымыраға келетініне үміт білдірді.«Біз сыртқы шекарасы мемлекеттік болып табылатын 22-25 миль (шамамен 40 шақырым-ред.) егемендік аймақты бекітуді барынша мақсатты деп есептейміз. Менің ойымша, бұл ымыралы шешім бола алар еді», деді Н. Назарбаев.