"Қазақстан қазір БҰҰ-ның Білім және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) білім беруді дамыту индексінде 4-орын алады. Бұл сіздердің еңбектеріңіз. Қаланың білім беру жүйесінде қазір 22 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. 20 жылда Алматыда 42 білім беру нысандары салынды. Оның 20-сы соңғы 3 жылда ашылды. Қазіргі таңда мектептерді компьютерлендіру толық аяқталып, олар мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды", - деді А.Смағұлұлы.
Шаһар басшысының айтуынша, Алматыда жас мұғалімдерді ынталандыру мақсатында 244 жас маманға 15 мың теңгеден материалдық көмек және 217 мұғалімге жалақасының 50 пайызы көлемінде қосымша қосылды. Сондай-ақ, Мұғалімдер күніне орай қала бюджетінен барлық педагогтарға 500 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
16:53, 30 Қыркүйек 2011
Қазақстан қазір ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексінде 4-орын алады - А. Есімов
МАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда соңғы 3 жылда білім беру саласындағы шығындар 25,5 миллиард теңгеден 37,5 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Мұғалімдер күніне орай Абай атындағы опера және балет театрында өткізілген салтанатты жиында айтты.