"БҰҰ Даму бағдарламасы энергияны тұтынудың тиімділігін арттырып, шығынды азайтуда Қазақстанға озық технологияның керектігін айқын аңғаруда. Республикада энергия тұтынудың 80 пайызы жылу энергетикасының үлесіне тиеді. Бұл секторда қазір тиімділік 50 пайыздық өте төменгі деңгейде. Ондағы шығын жай көп пәтерлі ғимараттарда 40 пайызды құрайды", - дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл.
Оның айтуынша, биыл Қазақстан үкіметі муниципалдық секторды қайта құру мен жетілдірудің 10 жылдық бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыра бастады. Халықаралық ұйым бұл бастаманы зор ықыласпен қолдайды.