Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп жазады Рrimeminister.kz.
«KazSat-3» жерсерігі бір мезгілде резервтік және қолданыстағы аппарат болады, ол спутниктік жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан өзге, екі жерсерік бүкіл Қазақстанның радиожиілік ресурстағы сұраныстарын қанағаттандыра алады және де Қырғызстанның, Түркіменстанның, Ресейдің және Өзбекстанның бөліктеріне ақылы негізде спутниктік қызметтер ұсыну мүмкін болады», - деді Т. Мұсабаев.
Сонымен бірге, «KazSat-3» жерсерігін «Луч» ресейлік ғарыш аппаратымен бірге «Протон» зымыран тасығышы мен екпінді блокты пайдаланып «Байқоңыр» ғарыш айлағынан іске қосу 2014 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.