Қазақстан келісімнің, бейбітшіліктің және толеранттықтың тірегі - Дудар Жакенов

АЛМАТЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазіргі заманда бүкіл дүниежүзінде толеранттықтың болмауының салдарынан сипаты бойынша әртүрлі, бірақ мағынасы бір әлеуметтік қайшылықтарды көп байқаймыз. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелеріне арналған Азаматтық форум барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Дудар Жакенов айтты.

Оның айтуынша, бұндай жағдайда Қазақстан түрлі қоғамдық топтардың өзара түсіністігін сипаттайтын қарым-қатынастың үлгісін көрсетуде. "Бұл Қазақстандағы толеранттық дәстүрдің тарихи сабақтастығы ғана емес, біздің мемлекетіміздің бірінші Президенттінің мақсатты да икемді саясатының жетістігі, ол өтпелі кезеңнің күрделі әлеуметтік-экономикалық және күрделі саяси жағдайында сепаратизм мен ұлтаралық және конфессиялық алауыздықтар туралы ойлауға да мүмкіндік берместен адами қарым-қатынастың "нәзік саласын" сақтап қалуға күш салды. Бұрынғы кеңестік елдердегі түрлі этностар мен түрлі діни топтар сол елдерге көптеген ауыртпалықтар әкелсе, Қазақстанда олар біздің Президентіміздің саясатын жетістіктер мен зор табыстарға жеткізді",-деді Дудар Жакенов.

Оның пікірінше, Қазақстан келісімнің, бейбітшіліктің және толеранттықтың тірегі және әрқашанда солай бола береді.

Дудар Жакенов сонымен қатар, форумде: "Ел басшысы бүкіл әлемдік қауымдастыққа түрлі этностар мен діни конфессия өкілдерінің арасында өзара қарым-қатынасты әдепті түрде басқарудың бірегей үлгілерін паш етті. Сондықтан, қазіргі Қазақстанды "халықтар достығының зертханасы" деп атауға болады",-деп атап өтті.