Қазақстан кен орындарынан мұнай алу өнімділігін арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі ірі компаниялармен бірлесе қазақстандық кен орындарында мұнайды алу өнімділігін арттыру әдістерін зерттеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгін Астанада министрлік, «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз» және «Шелл Қазақстан» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда мұнайды өндіру коэффиценті тиісті деңгейде емес. Өкінішке қарай, посткеңестік кеңістікте мұнай өндіретін елдер арасында соңғы орындардамыз. Осы ретте бұл мәселемен біз өте белсенді түрде айналысамыз»,-деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құжатқа қол қойғаннан кейін.

Сонымен қатар тараптар өзге екі бағытты зерттеуге уағдаласты. Оның ішінде Қарашығанақ кен орны шикізатымен газхимиялық кешеннің құрылысын жүргізу мүмкіндігі мен жаңаратын энергия көздерін дамытудағы ынтымақтастық қамтылған.