Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Қазақстан халықаралық даму агенттігі» (KazAID) коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынған дерек бойынша, 2021 жылы Қазақстан 13,9 млн доллардың гуманитарлық көмегін көрсеткен. Көмекті қабылдаушы елдер – Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан.
Ал 2022 жылы 23,4 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Украина, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жолдаған.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін 62,7 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Сирия Араб Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жөнелткен.