БАБАЙ БОЛ
Жанры: комедия, отбасы
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Олжас Ермекбаев
Қызының оқу ақысын төлеу үшін ақша іздеген 45 жастағы балалар аниматоры Асхат бай үйге ұрлыққа түседі. Ол әділетсіз еңбегінің өтеуі ретінде қымбат әшекейді алып кеткісі келеді. Бірақ оны үйдегі кішкентай Кәмила байқап қояды. Тығырықтан шығудың амалын таппаған Асхат өзін «елеспін» деп алдайды. Күтпеген жерден Кәмила оған сеніп қалады.
Дәл сол сәтте қыздың әкесі Ұлан келеді. Ол ұзақ уақыттан бері алғаш рет қызының бір нәрсеге шын қызығып, қуанып отырғанын көреді. Ұлан да олардың ойынына қосылып, осы үй салынған жер туралы жұмбақ оқиғаны айтып береді…
НЕССИ. ЛОХ-НЕСС ҚҰБЫЖЫҒЫ (Несси. Чудище из Лох-несс)
Жанры: мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 80 минут
Ел: Норвегия, Бельгия, Германия, 2025
Режиссер: Эндре Скандфер
Несси басқаларға онша ұқсамайды: ол теңіз жыландары қоғамдастығында жалғыз жүзе алмайтын жан. Бірақ қырсық шалып, олардың жасырын аралдары қорғанысқа мұқтаж болғанда Нессиге ең үлкен қорқынышымен бетпе-бет кездесіп, отбасын құтқаруға тура келеді.
ТЕНЬ
Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 79 минут
Ел: Германия, 2026
Режиссер: Мохаммад Пирзади
Көше кезіп жүрген Скотти есімді мысықтың өмірі Тень атты үй мысығы пайда болғаннан кейін түбегейлі өзгереді. Екеуінің бірге жасаған сапары үлкен шытырман оқиғаға айналады. Алайда Скотти көптен аңсаған еркіндігіне қайта оралу мүмкіндігіне ие болғанда, еркіндік пен достықтың арасынан таңдау жасау оңай болмайды.
ӘУЕСТІК (Обсессия)
Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 108 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Карри Баркер
Махаббатқа тым сенгіш Аю сұлу Никиге баяғыдан ғашық еді. Бір күні ол эзотерикалық дүкеннен ерекше сиқырлы таяқша тауып алады. Аңыз бойынша, егер таяқшаны сындырсаң, ең терең тілегің орындалады. Аю Никидің өзін бұл дүниедегі бәрінен артық жақсы көргенін қалайды.
Көп ұзамай Ники шынымен оған ғашық болады. Бірақ Аюдың қуанышы ұзаққа созылмайды. Уақыт өте келе ол Никидің махаббаты шектен шығып, қауіпті әуестікке айналғанын байқайды. Қыздың әр қадамын бақылауы мен тынымсыз назары Аюды қорқыта бастайды.
Тілегі орындалды. Бірақ бәрі ол армандағандай болмады.
МАНДАЛОРЛЫҚ ПЕН ГРОГУ (Мандалорец и Грогу)
Жанры: атыс-шабыс, шытырман оқиға, қиял-ғажайып,
Ұзақтығы: 132 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Джон Фавро
Зұлым Империя күйрегенімен, оның бұрынғы қолбасшылары мен жасақтары әлі де ғаламда еркін әрекет етіп жүр. Осы кезде жаңадан құрылған Республика Қарсылық қозғалысы қорғап қалған әлемде тәртіп орнатуға тырысады. Дәл осы уақытта аңызға айналған мандалорлық жалдамалы жауынгер Дин Джарин мен оның жас серігі Грогу қауіпті оқиғалардың ортасына тап болады.
ҚҰДАЙЛАР ЖАЙЛАУЫ (Пастбища богов)
Жанры: триллер
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Анар Аббасов
Күйзеліске түскен досы Олегке көмектескісі келген мәскеулік кәсіпкер Игорь бірнеше достарын ертіп, Памир тауына ешкі аулауға аттанады. Жергілікті халық бұл жануарларды «нахчир» деп атайды және оларды Пери атты киелі рухтың қыздары қорғайтын қасиетті мақұлық санайды.
Бастапқыда жай қызық үшін басталған аңшылық бірте-бірте қатыгез құмарлыққа айналады. Қанға деген әуестік таудағы тыныштық пен көзге көрінбейтін тепе-теңдікті бұзады. Сөйтіп, кәдімгі аңшылық сапары олардың өз өмірі үшін күресетін қауіпті сынаққа айналады.
ҚАМАУ
Жанры: драма, трагедия, психология
Ұзақтығы: 66 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Ибраев Эркинбек
Қас қарайғанда саябақта ұрсысып жатқан жұп шығады. Олардың қарым-қатынасы — мейірімділік әп сәтте булыққан ашуға ауысатын құмарлық пен өзара күйреудің қоспасы.
ТЫЛСЫМ ҚҰБЫЛЫС. СЕУЛ (Паранормальное явление. Сеул)
Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: Оңтүстік Корея, 2025
Режиссер: О Сэ-хо
Жұмыс істеп, баласын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Сан Хи туралы қорқынышты фильм. Ол кішкентай қызы үшін бүкіл үйге қауіпсіздік камераларын орнатады және оғаш оқиғалар бола бастайды.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.