Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.
Бұл орайда маңызды мәселелердің бірі күн, жел энергиясын пайдалану сияқты балама энергия көздерін дамыту болып табылады.
Алқалы жиын барысында еліміздің 2020-2050 жылдарға дейін парникті газдардың эмиссиясын қысқарту және экономиканың төменкөміртекті дамуы жөніндегі тұжырымдамасын жасау саласындағы ұлттық жоспарларды дамыту жөніндегі баяндаманың тұсауы кесілді.
Сондай-ақ 2009 жылы желтоқсанның 7-18-інде Копенгаген қаласында өткен келіссөздердің нәтижелері, Қазақстанның Киото хаттамасын және одан кейінгі кезеңдегі міндеттерінің орындалуы бойынша басымдықтарымен ағымдық және жоспарлы іс-шаралары талқыланды. «Климаттың өзгеруі: халықаралық келіссөздер үдерісі. Төменкөміртектің даму тұжырымдамасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел БҰҰ даму бағдарламасы мен ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында стратегиялық жоспарға климаттың өзгеру мәселелерін біріктіру арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті өсіру» біріккен жобасы шеңберінде өтті.
Жиынға Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі БҰҰ ДБ аймақтық кеңсесінің климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Даниэла Стойчева, сондай-ақ еліміздің министрліктерінің, институттарының және ұйымдарының өкілдері қатысты.