«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде дамып келеді. Өткен жылдың соңында екі ел басшыларының келісімімен визасыз режим жүйесі іске асты. Нәтижесінде арғы беттегі қандастарымыз елге кіруіне, туысшылап келуіне үлкен септігін тигізді. Қазақстандық азаматтары да әр түрлі мақсатта Қытайға келуге, қыдыруға үлкен мүмкіндіктер алды. Міне, бүгін Бейжің қаласында еліміздің Қытайдағы туризм жылының ашылуы өтейін деп жатыр. Бұл да екі ел арасындағы туристік ықпалдастықты одан ары дамытуға үлкен жол ашады деп сенеміз», - деді ҚР Туризм және спорт вице министрі.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы 28-29 наурыз күндері Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты өтеді. Осыған орай Қазақстаннан Бейжіңге 600-ге жуық арнайы делегация ұшып келді.