Қазақстан қытайлық медиакорпорациямен бірлескен тележобаны іске қоспақ

Фото: Фото: Руслан Желдібайдың Telegram арнасынан

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы  ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жазды.

- Ертең Астанада Екінші Орталық Азия медиафорумы басталады. Ал бүгін осы форумға қатысу үшін келген Қытайдың CGTN медиакорпорациясының және хабар тарату жағынан әлемде көшбасшы саналатын Al Jazeera халықаралық телекомпаниясының басшыларымен кездестім, - деп жазды ол.

Фото: https://t.me/ruslanzheldibay

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, CGTN бас редакторының орынбасары Дин Юнмен медиа саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестіктің даму қарқынын кеңірек насихаттау мәселесіне айрықша мән берілді.

- Біз өз тарапымыздан бірлескен тележобаны іске қосуды ұсындық. Мұндай бастама екі ел халқының өзара мәдени байланыстарын жандандыруға септігін тигізер еді, - деді Руслан Желдібай.

Фото: Руслан Желдібайдың Telegram арнасынан