Астана қаласында Қазақстан қыздар құрамасы бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, құрлықтық додада Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Алина Құдайгенова (63 кг) жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ Айым Тәңкібаева (46 кг), Сила Биболсынқызы (48 кг), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг) күміс, Айша Сариева (52 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг) және Панар Сейтқанқызы ( 80 кг) қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін қазақстандық жасөспірім қыздар Азия чемпионатында 2019 жылы – 3, 2021 жылы – 4, 2022 жылы 2 алтын медальға қол жеткізген болатын.
Биылғы жарыста жалпы жүлде кестесінде Үндістан 5 алтын, 3 күміс, 5 қоламен көш бастаса, Өзбекстан (4 алтын, 5 күміс, 3 қола) екінші орынға орнықты. Қазақстан үздік үштікте.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).