Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасында үшінші орынға ие болды.
Иран құрамасы жеңіске жетсе, Қытай спортшылары екінші орын алды.
Айта кетейік, бұған дейін гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарында Үндістаннан басым түскен еді.
Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесіп, бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталған болатын. Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.