Қазақстан қыздар құрамасы шахмат Олимпиадасында ТОП-3-тегі орнын сақтады

АСТАНА. KAZINFORM — Шахматтан Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың оныншы турында аруларымыз кезекті жеңісін тіркеп, ТОП-3-тегі орнын сақтап қалды.

Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасының (орташа жасы - 19,5) қарсыласы ретінде тәжірибелі Франция (орташа жасы - 38,75) танылды. Бибісара бірінші тақтада 34-ші жүрістен кейін, Олимпиададағы ең жылдам тіркегенімен, құраманың жағдайы өте қиын еді. 

Себебі, Меруерттің жеңілісінен бөлек, төртінші тақтадағы Елназдың да мүмкіндігі өте төмен бағаланды. Бірақ Франция шахматшысы бір ғана қате жүріспен қолда тұрған басымдықтан айырылып қалды. 

Нәтижесінде 16 жастағы Елназ 6 сағатқа жалғасқан кездесуде жеңісті жұлып алды. Есеп: 2,5:1,5.

Бибісара

Қазақстан/Франция - 2,5:1,5

Бибісара Асаубаева – Дейманте Даулите-Корнетт
Алуа Нұрман – Мари Себаг
Меруерт Камалиденова – Софи Милье
Елназ Қалиахмет – Полин Гишар

Әйелдер. 189 команда

Қытай – 18 ұпай (8 жеңіс, 2 тең ойын)
Қазақстан – 17 ұпай (7 жеңіс, 3 тең ойын)
Үндістан - 16 ұпай (7 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс)
Польша - 16 ұпай (8 жеңіс, 2 жеңіліс)
Вьетнам - 16 ұпай (8 жеңіс, 2 жеңіліс)

Ерлер арасында Өзбекстан қайта көш басына шықса, Өзбекстанның екінші командасы үздік үштікке еніп кетті.

Қазақстан құрамасы бастапқы рейтингте 15-орында тұрған Польшамен тең тарқасты.

Қазақстан/Түркіменстан - 3:1

Денис Махнёв – Сапармурат Атабаев
Сауат Нұрғалиев – Мейлис Аннабердыев
Алдияр Аңсат – Аманмухаммет Хоммадов
Жандос Ағманов – Шахрух Тураев

Open. 205 команда

Өзбекстан – 18 ұпай (9 жеңіс, 1 жеңіліс)
Үндістан - 17 ұпай 
Германия - 16 ұпай
Украина - 16 ұпай
Мажарстан - 16 ұпай
33-орын. Қазақстан - 12 ұпай

Ертең шешуші 11-тур ойындары өтеді.