Қазақстан қыздары Странджа кубогын 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогын» қазақ қыздары 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады.

Фото: ҰОК

Аталған турнирдің финалына шыққан жеті боксшымыздың тек біреуі ғана чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл атақты 81 келі салмақта өз отандасымен сынға түскен Ләззат Күнгейбаева иеленді.

Қалған боксшыларымыздың барлығы финалда қарсыластарына жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Алтын медаль:

81 келі - Ләззат Күнгейбаева

Күміс жүлдегерлер:

48 келі - Әйгерім Сәттібаева 

54 келі - Әнел Сақыш

57 келі - Айдана Забынбекова

60 келі - Римма Волосенко

81 келі - Жібек Жарасқызы

81 келі - Дина Исламбекова

Қола жүлдегерлер:

50 келі - Элянур Турганова

52 келі - Жансая Рахымберді

52 келі - Жазира Орақбаева

54 келі - Сымбат Әлиасқар

63 келі - Лаура Есенкелді

66 келі - Гаухар Шайбекова

70 келі - Азиза Исина

75 келі - Шұғыла Нәлібай.

Осылайша, бокстан әйелдер ұлттық құрамасы «Странджа-2025» турнирін аяқтады.

Айта кетейік, көркем жүзуден Париждегі Әлем кубогында Қазақстан тағы бір медаль алды.