«Егер біз қазір ынталандыру жасап, мысалға өз уақытында АҚШ-тағыдай электрондық коммерция жұмысына алғашқы бес жылға ҚҚС алып тастасақ, онда Ресейдің барлық қаржы ағымдарын өзімізге алып, Сингапур сияқты қаржы «алпауытына» айналамыз. Бізде қаржы жағдайлары жеңілірек, егер бізге жеңілдіктер мен құралдар берсе, Қазақстан Кеден одағы және БЭК шарттарында нағыз көшбасшыға айналуы мүмкін. Біз электрондық коммерция нарығын ала аламыз», - деді Ш.Сабыров.
Оның айтуынша, Қазақстанда КО-да электрондық коммерция бойынша көшбасшылық ету үшін жеткілікті техникалық база бар.
Алайда, ол бұл сегменттің әлдеқайда динамикалық дамуына бірнеше тосқауыл кедергі келтіреді деп есептейді. Бірінщі фактор - интернет-коммерция алаңдары санының аздығы, ол Ш.Сабыровтың айтуынша, жарты жыл ішінде өзгеруі мүмкін, себебі е-коммерция нарығы өте тез өсіп келеді. Жетілдіруді қажет ететін екінші шарт - логистика. Сонымен, Интернет-ассоциациясы басшысының пікірінше, тауарды өндірушіден интернет-сатып алушыға дейін жеткізу процесін реттеуге бірнеше жыл кетуі мүмкін.