Қазақстан қоғамы бүгінгі күні саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге дайын - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қоғамы бүгінгі күні саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге дайын. Бұл пікірді бүгін «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген саясаттанушы Ерлан Сайыров білдірді.

«Кеше Елбасы ұлықтау рәсіміндегі сөзінде біздің елімізде Жаңғырту жөніндегі ұллтық комиссия құрылатындығын жария еткен болатын. Біздің ойымызша, Қазақстан қоғамы бүгінгі күні саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге дайын», - деді ол. Осы ретте саясатанушы Мемлекет басшысы атап өткен 5 институционалды реформаны қай бағытта, қалай жүргізу қажеттігі төңірегіндегі мәселелер сарапшылар деңгейінде талқыланатындығын атап өтті. «Қоғамда, елде ең бірінші саяси жағына баса назар аударады. Бірақ біздің қоғам үшін сонымен бірге сот реформасы да, мемлекетік қызмет реформасы да өзекті. Сондықтан, менің ойымша, қоғам, халық белгілі бір сана трансформациясына дайын. Біздің еліміздің санасының трансформациясын жан-жақты қарастыруымыз қажет», - деді ол.