Қазақстан қоғамындағы жастар саясаты туралы мәжіліс өтеді

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Алматыда 1 қараша күні "Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жастар саясатының рөлі мен орны" деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ол Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында болады. Оны Алматы жастарының конгресі ұйымдастырғалы отыр.

Бұл алқалы жиынға қалалық жастар саясаты басқармасының, жастар мен студенттік ұйымдардың және жоғары оқу орындарындағы жастар ісі комитеттерінің жетекшілері қатыспақ. Жалпы қазіргі таңда жергілікті атқару органдарында жастар ісімен айналысатын арнайы орган тек Алматы қаласында ғана бар. Ал "Алматы жастарының конгресі" қоғамдық бірлестігі 2009 жылы құрылған болатын. Ол 2002 жылы Астана қаласында өткен ІІ Республикалық жастар фопрумында негізі қаланған Қазақстан жастары конгресінің Алматыдағы өкілдігі саналады.