Қазақстан колхозшылары танк құрылысына 371 млн. астам рубль жинады - «Известия», 1943 жыл

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тамбов колхозшыларынан патриоттық үлгі алған Қазақстанның еңбекшілері «Қазақстан колхозшысы» атты мықты танк колоннасының құрылысына 371 млн. астам рубль көлемінде ақша жолдады, қаражат жинау жалғасып жатыр...», деп 1943 жылы, қан майдан жүріп жатқанда «Известия» газетінің бетінде хабарланған.

«Құрметті жауынгерлер, мыңдаған колхозшылар сіздерге көмектесу үшін қолда бар ақшасын беріп отыр. Осындай адамдардың есімдерін білу керек. Олар:

Бөкенбаев Оразбай, Қаратал ауданындағы «Қызыл Бұлақ» колхозының төрағасы, танк колоннасының құрылысына 300 мың рубльді салды.

Қазыбаев - Меңдіқара ауданындағы «Жаңа Тұрмыс» колхозының төрағасы, 190 мың рубль салды. Байжанов Сәпи - Обаған ауданындағы «Коммунистер кеңесі» колхозының тракторшысы, 175 мың рубль. Ысқақова Кәделі - Денгіз ауданының Карл Макс атындағы колхоз төрайымы - 175 мың рубль. Бедесарова Бисе - Шая ауданындағы «Ақбастау» колхозының төрағасы - 167 мың рубль. Оңдасынов Бектай - Шая ауданы, «Ақ Тас» колхозының төрағасы - 166 мың рубль. Жүсіпов Әбдікәрім - Түркістан ауданындағы «Бірлік» колхозының төрағасы - 165 мың рубль. Осындай адамдардың тізімін жалғастыра беруге болады. Қызыл әскер үшін колхоз бен колхозшылардан күн сайын жүздеген, мыңдаған пұт нан, ет, май және басқа да ауылшаруашылық азық-түлік жеткізіліп отыр. Көп ұзамай майдандағы жүздеген, мыңдаған қуатты жаңа танкілердің арасында әкеңіз, зайыбыңыз, апа-қарындасыңыз бен інілеріңіз қаражатына жасалған техника да болады.