12:42, 14 Наурыз 2009
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері өтті
АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат. Кеше, наурыздың 13-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері болып өтті. Оның құрылу мақсаты – Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметі.
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» ? жарғылық капиталы мемлекеттің 100-пайызды қатысуымен 2002 жылы құрылған «ҚазАвиаЛизинг» компаниясының жаңа аты.Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 32 техника сатып алып, оның 20-сын қаржы лизинг келісімшарттары бойынша отандық әуежайларға өткізді.
Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт ? қазіргі кезде көлік саласының барлық құрылымдарына да лизинг құралын қолдану арқылы техникалық базаны жаңарту қажет. Осыған орай, компания қызмет шеңберін кеңейтуде. Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына үш стратегиялық бағыт қойып отыр: жер бетіндегі техника мен әуе кемелер лизингі, теміржол техника лизингі және автомобиль жолдары техника лизингі.ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» басшылығына дағдарыс кезінде компанияны қаржыландыру қиыншылығы жайлы ескерте отырып, оларға қажетті нормативтік-құқықтық база жасау туралы және компания жобаларын қаржыландырудың кепілдеме деңгейін қысқа мерзімде анықтау жөнінде тапсырма берді.