«Қазақстандағы композиторлар қауымдастығы атынан Елбасын теңдессіз жеңісімен құттықтағымыз келеді. Сіз әр уақытта өнер адамына тікелей көңіл бөліп, жетістіктерімізге қуанып жүресіз. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстандағы оркестр саны бар болғаны 7-еу ғана еді. Қазір олардың саны 48-ге жетті. Бұл да сіздің арқаңыз», - деді бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбекова.
Сонымен қатар, одақ басшысы алдағы уақытта Қазақстанның ұлттық өнері, мәдениеті мен руханияты Елбасының қолдауымен өрлей беретініне сенімді екенін атап өтті.