Қазақстан конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде 13 медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Аталған байрақты бәсекеде ұлттық құрама 13 медаль жеңіп алды.
Кристина Шумекова 1 000 және 3 000 метр қашықтықтарда топ жарды.
Нео-сеньорлар арасындағы 1 000 метрде жүлделер толықтай қазақстандық спортшыларға бұйырды. Инесса Шумекова бірінші орын алды, Дарья Важенина екінші болды, ал Алина Дауранова үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Қазақстан (нео-сеньорлар) әйелдер арасындағы командалық спринтте жеңіске жетті.
Андрей Семёнов 1 000 метрде (нео-сеньорлар) күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орын алды.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) қола медальға ие болды.
Нео сеньорлар арасында 500 метр қашықтықта Алина Дауранова үздік атанды. Дәл осы қашықтықта Инесса Шумекова күміс жүлде алды.
1 500 метр қашықтықта жасөспірімдер арасында Анастасия Беловодова үздік үштікті түйіндеді. Дәл осы қашықтықта нео сеньорлар арасында Мария Деген алтын медаль жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін