Қазақстан Конституциясы ұлттық заңнамамызға берік іргетас болып қаланды - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Конституциясы ұлттық заңнамамызға берік іргетас болып қаланды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Іргесі берік үйдің шаңырағы шайқалмайды. Біз жақында ғана Ата заңымыздың 20 жылдығын атап өттік. Біздің Конституция ұлттық заңнамамызға берік іргетас болып қаланды. Заң шығарушы, атқарушы билік пен тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланды. Қазақстан Парламенті ең жоғары өкілетті орган ретінде өз қызметін абыроймен атқаруда», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бабалар даңқына мақтанумен шектелмей үздіксіз алға жылжу керектігін, осылай істеген ел ғана ұтатынын атап өтті.