Қазақстан Конституциясын әрбір отбасы жете түсінуі маңызды - Ілияс Бақтыбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Конституциясын әрбір отбасы жете түсінуі маңызды, деген пікір білдірді Конституциялық Кеңес мүшесі Ілияс Бақтыбаев.

«Негізінде Қазақстан Ата Заңы дегеніміз, бұл тұрғыда құқықтың бірінші орында тұрғанын білдіреді. Яғни, адамның өмірі мен бостандығының қорғалуына айрықша мән беріліп отырғандығын меңзейді. Сондықтан мемлекетіміздің өркендеуі мен ары қарай дамуы осы Ата Заңға байланысты»,-дейді ол.

І. Бақтыбаев Конституция ұзақ жылдарға арналған құжат екенін айта келе, «Ата Заң алда тұрған үлкен жұлдыз сияқты. Қазақстан халқы соны түсініп, әрбір жанұяда, оқу орнында Конституциямыздың маңыздылығын жете түсіндіріп отыру қажет деген ойдамын. Қазақстан Конституциясының 20 жылдығымен еліміздің барша азаматтарын құттықтауымды жеткізгім келеді. Еліміздегі берекелі заман, өркендеуіміз жалғаса берсін»,-деді.