Қазақстан қор биржасында доллар 470,28 теңгеге дейін арзандады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 470,28 теңге болып, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,25 теңге төмендеді. Ұлттық банктің 20 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 469,83 теңге.

Kurs.kz деректерінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 468,00 теңгеден сатып алынып, 475,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 535,00-545,00 теңге, ал рубль 5,55-5,85 теңге аралығында.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 470,08 теңгеден сатып алынып, 471,91 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 537,51–542,34 теңге, ал рубль 5,66–5,79 теңге аралығында.

Шымкентте доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 469,84 теңге, сату бағамы 471,90 теңге болды. Еуро 536,66–541,66 теңге аралығында, ал рубль 5,66–5,73 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Еске салайық, 17 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 469,83 теңге болып, 2,24 теңге төмендеген еді.