Қазақстан қор биржасында доллар бағамы арзандады

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 503,17 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 503,90 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,51 теңгеден сатып алынады, 504,56 теңгеден сатылады. Еуро 600,79 – 605,38 теңге, ал рубль 6,49 – 6,61 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,29 теңгеден сатып алынады, 75,98 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 502,01 теңгеден сатып алынады, 509,01 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 597,00 теңге, сату - 607,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

– юань: сатып алу - 74,20 теңге, сату - 78,41 теңге.

Еске салайық, 28 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге қымбаттап, 503,90 теңге болды.