Қазақстан қор биржасында доллар бойынша кешкі сауда-саттық жүргізілмейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының 2015 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен Қазақстан қор биржасында 2015 жылдың 10 қарашасынан бастап есептесуі TOM және SPOT шет елдік валюталарымен сауда-саттық жүргізу регламенті өзгерді, деп хабарлайды kase.kz.

Аталмыш құралдармен сауда-саттық Алматы уақытымен сағат 11.30-дан 15.30-ға дейін күндізгі сессия аясында жүргізіледі: есептесуі Т 1 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM), есептесуі Т 1 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOM), есептесуі Т 1 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOM), есептесуі Т 2 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_SPT), есептесуі Т 2 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_SPT), есептесуі Т 2 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_SPT).

Тиісті өзгертулер KASE ішкі құжаты "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс Регламентіне" енгізіледі, ол туралы қосымша хабарланады.