"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.
15:44, 09 Ақпан 2011
Қазақстан қор биржасындағы "KazPrime" индикаторы бір базистік көрсеткішке төмендеп, жылдық 1,79 пайыздық көрсеткішті құрады
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 9 ақпандағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты "KazPrime" индикаторы бір базистік көрсеткішке төмендеп, жылдық 1,79 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.