Қазақстан қор биржасындағы “KazPrime” индикаторы өзгермей, жылдық 1,65 пайыздық көрсеткішті құрады

None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 4 мамырдағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты "KazPrime" индикаторы өзгермей,

жылдық 1,65 пайыздық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.

"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.