Қазақстан қор биржасындағы “KazPrime” индикаторы өзгермей, жылдық 1,83 пайыздық көрсеткішті сақтап қалды

None
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы 2011 жылғы 17 қаңтардағы фиксинг қорытындысы бойынша өткен сауда күніне қатысты "KazPrime" индикаторы өзгермей, жылдық 1,83 пайыздық көрсеткішті сақтап қалды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.

"KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығында 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақшалардың орналасу мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді.