Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан - Корея іскерлік кеңесінің VI отырысы басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңестің тең төрағасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, кеңес отырысы барысында екі панельдік сессия болады. «Біз денсаулық сақтау, ақпараттық теxнологиялар, логистика мен баламалы энергетика саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылаймыз. Ал баламалы энергетика екінші панельдің бөлек тақырыбы ретінде белгіленіп отыр. Себебі Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Көрме арқылы біз осы саласындағы теxнологиялармен етене танысып, баламалы энергетиканың философиясын жан-жақты түсіне аламыз. Сол себепті бизнесті соған қарай бұруға мүмкіндік бар. Мен өзім еліміздің энергетикалық xолдингінің басшысы ретінде бүгінгі мәселелердің мемлекет деңгейінде шешілгенін қалаймын. Сондықтан кеңестің кезекті отырысы Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдете түседі деп сенемін», - деді Сәтқалиев отырыстың ашылу рәсімінде.

Айта кетейік, бірінші сессия барысында Корея кәсіпкерлеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, елімізде бизнес үшін жасалып жатқан жағдайларды жан-жақты таныстыру, ал екінші сессияда баламалы энергетика саласында өзара тәжірибесі алмасу жоспарланған.