— Екіжақты серіктестікті нығайтуға тұрақты қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстан Кореямен тығыз байланысты жоғары бағалайды. Біздің қарым-қатынасымыз сенім, сыйластық және прагматизмге негізделген. Ынтымақтастықты дамытуда өзара сенім мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалог маңызды рөл ойнайды. Қос елдің мемлекет басшыларының қолдауы мен жіті назарының арқасында серіктестігіміз іс жүзіндегі жаңа мазмұнмен толығып жатыр, — деді ол.
Сонымен қатар, ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында Сеулге жасайтын сапары екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін атап өтті.
Одан бөлек, министр мазмұнды диалог үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде жалғасып жатқанына тоқталды.
Оның сөзінше, қос мемлекеттің үкіметтері сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-технологиялық салаларда серіктестікті күшейту үшін нақты тапсырмаларды орындап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы заңды жұмысқа ел азаматтары қашан бара алатынын жазғанбыз.